Home Басты жаңалықтар ЧЕХИЯ ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЧЕХИЯ ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Чехия елінде шілденің 18-28 аралығында каратэ спорт түрінен әлем чемпионаты өтті. Үш жылда бір келетін байрақты бәсекеге қазақстандық спортшылары да бақтарын сынап, жүлдемен оралды. Алтыннан алқа тағынғандардың арасында жерлесіміз Жансая Досыбайда бар. Әлемді мойындатқан ару бұған дейін ел біріншіліктерінде топ жарып жүрген. Бұл жарысқа 52 елден 1500 спортшылар қатысқан. Елімізден 27 делегация барып,спортшылар ел қоржынына 2-алтын,2-күміс,5-қола медальді сыйлап, жалпы командалық есепте 11 орынға жайғасты. Спортшыларымызды Әлем чемпионатының жүлдегері Татьяна Цамбунарис және каратэ-до Шотокан федерациясының президенті Аюпов Фарид бастап жүрді. Спортшылар жазғы демалыстан соң, дайындықтарын қайта пысықтамақ.