Түркістан қаласындағы Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрында 1 сәуір – халықаралық күлкі күніне орай « Кел, күлейік! » атты әзіл-сыққа толы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Шараны Түркістан облысы мадениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы құттықтау сөзбен ашып берді.
Тәрбие мен адамгершілікке баулып, жаман әдет, жат қылықтан аулақ болуға шақыратын, өткір әзілдер арқылы қоғамның бірқатар түйткілді мәселелерін түйреген әзілкештер түрлі композициялар мен пародиялар арқылы да көрермен ықыласына бөленді.
Мерекелік қойылымда көзі қарақты қауымға әзілдері арқылы таныс Нұржан Ізтаев, Шәкен Амантуров, Талғат Қарынбаев Жадыра Сейдахметова сынды әртістермен қатар Отырар, Созақ ауданының да өнерпаздары өз нөмірлерін ұсынды.
Шара барысында « Тарлан » вокалды-аспаптар ансамблі түрлі ұлттардың әндерінен попуррилер орындаса, әншілер әуелете ән салып, бишілер мың бұрала би биледі.