Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, әнші Сәуле Жанпейісованың ұйымдастыруымен
« AMANAT music – 2019 » ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің іріктеу
кезеңі өтті. Байқауға 5-21 жас аралығындағы өнерге ынталы, талантты жастар
қатысты. ⠀
6 номинация бойынша өткізілген байқауды қорытындылай келе қазылар алқасы:
– Ұлттық би өнері номинациясы бойынша Бас жүлдені
Сайрам ауданынан келген « Самғанұр » би тобына берсе, 1 орынды
Түркістан қаласы « Шолпан » балабақшасының бүлдіршіндерінен құралған
« Самға » би тобы еншіледі.
– Вокал номинациясы бойынша 16-21 жас аралығындағы
қатысушылардан Бас жүлдені – Түркістан қаласының « Угай » дуэті,1
орынды – Созақ ауданынан келген Қойшыбай Аяулым иеленді. Ал, 5-7 жас
аралығындағы қатысушылардан Бас жүлдені – « Амина » балабақшасынан
Асылхан Айбике, 1 орынды – « Балбөбек » балабақшасынан Сейділда Нұршат
қанжығаларына байлады.
Home Мәдениет ТҮРКІСТАНДА « AMANAT MUSIC – 2019 » ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ