Home Мәдениет ТҮРКІСТАН: МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

ТҮРКІСТАН: МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше көңіл бөледі. «Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», — деген еді мемлекет басшысы бір сөзінде.

Сондай-ақ президент мемлекеттік тілді меңгермеген қазақстандықтарға тіл білмегені үшін қысым жасауға болмайтынын да ескертті. Тоқаев қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек деп санайды.

Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қазынасы» атты іс-шара өтті.

Мерекелік жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев көпшілікті атаулы мерекемен құттықтап, ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауда сындарлы тіл саясаты үлкен маңызға ие екенін айтты.

Сондай-ақ, мәртебелі тілді ұлықтаған шараға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. Мерекелік шарада мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға атсалысқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Тіл – ұлттың қазынасы, достықтың кілті, бірліктің бастауы. Өздеріңізге белгілі осыдан 35 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданды. Ал мереке 1998 жылдан бері атап өтіледі. Сол жылдың 22 қыркүйегі Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне байланысты бұл мереке 2017 жылы Үкімет қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылды.

Сонымен бірге, бүгін Түркістан қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Арманға жету жолындағы алғашқы қадамдар» тақырыбында ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Би падишасы» атанған Ұлжалғас Мұстафаевамен кездесу кеші өтті.

Мазмұнды кештің мақсаты — эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыратын құдіретті би өнерін жастарға шабыт беретін рухани құндылық ретінде насихаттау.

Кездесу кеші би өнерінің тарихымен танысудан басталып, әрі қарай өнер иесінің шығармашылық жолы туралы тартымды тақырыпта әңгіме өрбіді. Кездесуге би падишасының замандас достары мен қаладағы белсенді жастар қатысты.

Сахна саңлағының би өнеріндегі мыңдаған шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етеді. Шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі – ұстаз. Ардақты ұстазды ел қадірлеп, шәкірттері ерекше құрметтейді.

Би өнерінің білгірі Ұлжалғас Мұстафаева кездесу барысында жастардың сұрағына жауап беріп, жетістікке жету жолындағы ұстанымдарымен бөлісті. Ел ертеңі жастарға деген жүрекжарды лебізін білдіріп, баянды бақыт тіледі.

Айта кетейік, Түркістан қаласында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі кең ауқымда аталып өтті.Тіл – ұлттың қазынасы, достықтың кілті, бірліктің бастауы. Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қазынасы» атты іс-шара өтті. Мерекелік жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев көпшілікті атаулы мерекемен құттықтап, ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауда сындарлы тіл саясаты үлкен маңызға ие екенін айтты.

– Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Себебі, тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, ең құнды байлығы – қатыныс құралы екендігі сөзсіз. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл»,- деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай. Ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты – тіліміздің мерейін асқақтату жолында аянбай еңбек етуге шақырамын, — деді Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев.

Мәртебелі тілді ұлықтаған шараға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. Мерекелік шарада мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға атсалысқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Айта кетейік, осыдан 35 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданды. Ал мереке 1998 жылдан бері атап өтіледі. Сол жылдың 22 қыркүйегі Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне байланысты  бұл мереке 2017 жылы Үкімет қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты өткен жылғы Жолдауында: – Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін деген болатын.

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде өзге ұлт өкілдерінің тілінің дамуымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде елімізде 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламасы да қазақ тілінің ұлтаралық қатынастар тілі деңгейіне жетуіне бағытталған.

Жуықта «Ана тілі» газетіне берген сұқбатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір мәрте тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар екенін қадап айтты.

Тіл мәселесіне бей-жай қарап, немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін. 

Алайда мемлекеттік тілді дамыту ісінде қызбалыққа салынып, оның қолдану аясын күшпен кеңейтуге ұмтылудың кері әсері болары анық. Өйткені оның соңы ұлтаралық араздыққа дейін жетуі мүмкін, деп атап өткен болатын.

Бұл мереке ағартушы, түркітанушы-ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай белгіленгені баршаңызға мәлім. Ұлы тұлғаның «Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек…» деген сөзі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Жалпы облысымызда 17 аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға атсалысып келеді. Онда 22 әдіскер, 33 қазақ тілі, 20 орыс тілі, 27 ағылшын тілі маманы жұмыс істейді», – деді басқарма басшысы. Мерекелік іс-шарада көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар облыстағы тілдерді оқыту орталықтары арасында ұйымдастырылған «Үздік орталық-2024» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Айта кетейік, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының өткен шараның мақсаты қазақ тілін ұлттар арасында дамыту мен насихаттауға, көпұлтты мемлекеттіміздің тұтастығы мен ынтымақтастығын нығайтуға және қазақ мәдениетін дәріптеуге бағытталған.
Сондай-ақ, Сайрам ауданында «Мемлекеттік тіл— Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты іс-шара өтті. Жиын барысында аудандық Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйіндегі жиында алдымен Тілдерді оқыту және жекеменшік «Лидер», «GES» оқыту орталықтарының көрмесі қойылды. Сондай-ақ «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің тыныс-тіршілігі бейнеленген бейнетаспа көрермен назарына жол тарты. Қазақстандағы Тілдер мерекесі – елдің мәдени және тілдік әралуандығын ардақтау мен нығайтуға арналған ерекше мейрам. Маңызды мереке жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі. Мерекелік шараға Сайрам ауданының Құрметті азаматтары мен тіл жанашырлары қатысып, шараға жиналған баршаны айтулы күнмен құттықтады. Жиын соңында тіл саласына елеулі еңбек сіңірген тұлғалар марапатталып, мерекелік бағдарлама тіл мен рух, отаншылдық бағытындағы әсем әндермен жалғасты.