11 сәуір күні ҚР Тұңғыш Президенті
Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында
Түркістан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен Атырау облыстық
тарихи-өлкетану музейінде Руханият-Әбу Нәсір әл – Фараби музейінің «Отырар
тұлғалар мен мұралар ордасы» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Отырар
қалажұрты, Арыстанбаб және ондағы мұсылман кітапханасына қатысты жәдігерлер,
екінші Аристотел атанған Әбу-Нәсір әл-Фараби мен Түркістан
өңірінде өмір сүрген Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Сүгір Әліұлы, Өзбекәлі Жәнібеков,
Шәмші Қалдаяқов секілді тұлғалардың түпнұсқа жәдігерлері және этнографиялық,
нумизматикалық, археологиялық бұйымдар қойылды.
Көрме аясында 12 сәуір – Ғылым күні болып аталуына
орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
Мемлекеттік университетінің «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасымен
бірлескен «Түркі әлемі және Ұлы Жібек жолы» дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек
үстелге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің
« Қазақстан және дүние жүзі тарихы » кафедрасының меңгерушісі, тарих
ғылымдарының докторы Л.Базарғалиұлы, педогогика ғылымдарының кандидаты
Ш.Нағымұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Жұмабайұлы, тарих
ғылымдарының кандидаты К.Болатұлы, тарихшы-өлкетанушы А.Әміржанов, тарих
ғылымдарының докторы А.Сарсенов,тарих ғылымдарының докторы Ж.Таңатарова және
университеттің магистранттары қатынасты. Атырау облыстық тарихи-өлкетану
музейінің басшысы Рашида Ерімқызы музей әкімшілігі атынан алғыс хат табыстады.