Home Білім ТҮРКІСТАН: МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ БАРША МАМАНДЫҚТАН БИІК

ТҮРКІСТАН: МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ БАРША МАМАНДЫҚТАН БИІК

«Мұғалім мәртебесі қандай?» деген сұрақтың жауабы – «Педагог мәртебесі туралы» Заң. Ұстаздардың құқығы, беделі, әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген соң, оларға қойылатын кәсіби талап та арта түседі. Осы орайда Түркістан облысының тұрғындарының назарына болашақ мұғалімдердің пікірін ұсынып отырмыз.

Педагогикалы жоғары оқу орнында оқитын болашақ мұғалімдер педагогика дипломатияға ұқсас екенін алға тартады. Өйткені мұғалім оқушымен ортақ тіл табысып, бір толқында болып қана қоймай, сонымен бірге, олардың алдында құрмет пен беделді жоғалтпауы керек деп есептейді.

«Мұғалім өз пәніне үлкен қызығушылық тудыруы керек. Менің ойымша, бүгінгі таңдағы мұғалім соңғы технологиямен, «цифрмен» және т.б. байланысты емес, виртуалды әлем, әрине, тартымды, бірақ ол шынайы әлемді алмастыра алмайды.

Сондай-ақ, менің ойымша, мұғалім балаларға өмірде өз жолын таңдауға, өз пәніне деген құмарлықты табуға көмектесуі керек, егер бұл бұрыннан бар болса, оны одан әрі дамыту керек. Маған мұғалімнің әзіл-қалжыңы болғаны және сабақтағы қиын жағдай туындаса, оны жеңе алатыны ұнайды.Біз, болашақ мұғалімдер, конструктивті диалог жүргізуді, балампен қарым-қатынас орнатуды толық мегеруіміз керек», – дейді болашақ мұғалім Эльенора Айтбекқызы.

Мейірім, жұсақтық, достық, әзіл өз алдына, мұғалім керек кезде қадал әрі әділ де болуы керек деп есептейтін болашақ мамандар да бар. Олардың пікірінше, әркімнің өз орны болу керек. Мұғалім мәртебесі сонда ғана өзө орынн сақтап қала алуы мүмкін.

«Оқушылар ұстаздарының әрқашан мейріміді болғанын қалауы мүмкін. Дегенмен мұғалім қатал болып, үй тапсырмасын, тесттерін әділ бағалауы керек. Егер бала  мұғаліммен арасында ыңғайсыздықты байқаса, оны сезілмейтін түрде жоюға болады. Мұғалім оқушыларға ашық болып, сыныптағы атмосфера еркін болады.

Мұғалім – шәкірттерімен бір толқында жүретін адам. Сырттай қарағанда, ол кез келген нәрсеге ұқсауы мүмкін. 

Заманауи мұғалім гаджеттерді түсінуі керек және жалпы оқушылармен өмір сүретін барлық нәрселерден хабардар болуы керек, әсіресе олар жоғары сынып оқушылары болса. Әйтпесе мұғалім авторитет болмайды. Ол сондай-ақ қазіргі оқиғалар немесе өзіңіздің қандай да бір мәселеңіз туралы сұрап, жауап ала алатын адам болуы керек. Яғни, ол өз пәнінен тыс сауатты адам болуы керек», – дейді Хасен Жанбатыров.

«Педагог мәртебесі туралы» Заң мұғалімдерге серпіліс әкелді. Мұғалімнің құқы арнайы заңмен қорғалатын болды деген ақпарат мұғалімнің қоғам алдындағы еңсесін бір көтеріп тастағаны анық. Ал заңда көрсетілген мұғалімнің құқығы «Білім туралы заңда», «Еңбек кодексінде», т.б. заңдарда да бұрыннан бар болатын. «Педагог мәртебесі туралы» Заң да осы заңдар қатарында жатып қалмауы үшін мұғалім өз құқығын заңмен қорғай білуі маңызды. Ол үшін мұғалім мектептегі басты тұлғаға айналып, мұғалімнің оқушыға сапалы білім беруіне барлық жағдай жасалынуға тиіс.

Ұстаз мәртебесі – астары тереңде жатқан қадірлі ұғым және қоғам жауапкершілігін анықтайтын өлшем. Педагог тұғыры – қоғам мен мемлекет тұғыры. Қай мемлекет ұстаздарына қатысты қандай саясат ұстанса, мемлекеттің беделі де соған сай қалыптасады. Сондықтан еліміздегі мұғалім беделін арттыра түскен заң жобасының қабылдануы ұстаздар мерейін өсіре түсті. «Алты алаштың басы біріксе, төрдегі орын – ұстаздікі» деген халқымызда мұғалімді қадірлеуге байланысты тамаша дәстүр бар.

Әрине білім саласының өзіндік, кәсіби тұрғыда қиындықтары бар. Шын ұстаз шәкірттерінің алдында ешқашан да жалған, жасанды, жүйесіз әрекетке бармайды. Жалпы, әділдік пен тазалықтың бастауы – мектеп. Осы тетік ұмытылмаса, қоғам қай жағынан да көштен қалмайды.

Ұстаз – ұлы ұғым. Педагог мамандығының қай заманда болсын беделі асқақ. Себебі елдің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал келешекті тәрбилейтін, білім нәрімен сусындататын – ұстаз, педагог.

Бүгінде жастар арасында педагогиканы қалап, мамандықты серік еткендердің қарасы қалың. Әрине, жыл сайын талапкерлердің саны артса, демек бұл саладағы бәсекелестіктің де қызып тұрғаны.

Педагог мамандығының беделі әрқашан биік болуға тиіс. Өйткені кез келген білім ордасының жаны – мұғалім. Ол қарапайым балабақша, мектеп, колледж не жоғарғы оқу орны болса да ең әуелі онда жұмыс істейтін мамандар – педагог.  Оның үстіне мұғалімнің міндеті мен дәрежесіне байланысты көптеген ұлы тұлғалардың ойы, қанатты сөзі жетерлік. Соның кез келгенін жадында сақтап, өз өмірін біліммен сабақтастырған әр педагогтің берері мол, айтары таусылмас.

Жалпы білім мен ғылым жан-жақты икемділікті, ерекше мейірімді, білімділікті талап етеді. Осы бағыттағы мамандықты таңдағандар адамды тани білуі, шеберлікті меңгеруі тиіс. Себебі әр адамның бойына білім дарытып, оны «қоғамның саналы азаматы» етіп тәрбиелеу екінің бірінің қолынан келмейтін ұлы іс! Педагогика – білім беруімен, талмай ізденіс, білімге деген құштарлық, баланы тәрбиелеу, өзгенің уақытын аялап, ғылымға құштарлығын оятуымен құнды, осылармен ардақты.

Бүгінде педагогтер дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігінде, қатаң бәсекеде бақ сынап, елдің ертеңі үшін аянбай тер төгуде. Осы орайда Мағжан Жұмабаевтың ұлы сөзі бар. «Алты Алаштың баласы бас қоса қалса, төрдегі орын мұғалімдікі». Әрине, сауатын ашып, әріпті үйреткен педагогтерге бас иіп, есімін ардақтау қажет.

Осы тұста мемлекетімізде де «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобалары жасалып, бекітілген болатын. Енді педагогтің «мәртебесі» заңмен бекітіліп, қорғалады. Бұл заңға 2019 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Жаңа заң аясында мұғалімнің өз саласында жеке дамуына, шығармашылықпен айналысуына, мол ізденісіне және оқу процесін жетілдіруге мүмкіндігі болуы керектігі айтылған. Педагогтің оқыту мен тәрбиелеудің жеке авторлық әдістерін әзірлеуі және оны сабақ барысында қолдануы, білім берудегі оқу құралдары мен кез келген ақпараттық ресурсты тегін әрі қолжетімді түрде пайдалануы бойынша кәсіби құқықтары кеңейтілген.

Сондай-ақ еліміздің мұғалімдері қағаз бастылықтан арылып, бар күші мен ынтасын бала біліміне арнайды. Себебі бұдан былай кез келген педагогті саласына тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беріп, уақытын алуға, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы жүктемені азайту мақсатында жеке нормалар көзделгенін де айта кетейік

Кез келген ізденіс үшін материалдық қаражат пен ынта болуы керек. Алайда ғылым мен білімге бет бұрған ұстаз үшін үлкен қаражат қалтаға ауыр болатыны жасырын емес. Осы тұста мұғалімдердің айлығын жыл сайын оның біліктілігіне қарай көтеріп, еңбек ақысын төлеу жұмыстары да биліктің назарынан тыс қалмаған. Оның үстіне бүгінде Педагогиканы таңдап, білім алуға асыққан студенттердің де ай сайынғы шәкіртақысы өсуде. Бұл да болашақ ұстаздардың ойы бөлінбей, тек бар ықыласы білімде болуына бір сеп болып отыр.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты құрметке ие болған педагог 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алып отырады. Бұл 2019 жылы Президенттің бекіткен заңнамасы бойынша қабылданған. Сонымен қатар, қаладан тыс, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтердің еншісіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін басым тәртіппен беруге кепілдік белгіленіп қойған.

Мұғалімдерді өздеріне тән емес жұмыстарға тартуға да заңмен тыйым салынған. Оларды әлеуметтік, мәдени, экономикалық шараларға көмек көрсетуге міндеттейтін нормалар мен жиі қайталанатын ережелері бар нормалар алынып тасталған.

Білім беруде қазір ауқымды кең әлеуметтік процесстер орын алуда. Болашақ мұғалімдерді даярлауда студенттерді кәсіпке баулу, оларды әлеуметтендіру процесстерін ұштастыру қажет. Педагогикалық білім беретін жоғары оқу орнының табалдырығын аттаған әрбір студенттің басты арманы жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеру. Сапалы білім болмаса нағыз педагог бейнесі мен мұғалім болмысы, адамдық тұлга қалыптаспайды.

Түрлі мамандықтың ішінде мұғалімдік үлкен міндет пен жауапкершілігі мол мамандық. Ол өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматы ретінде тәрбиелей отырып, кез келген адамның ортаға әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарып, баланың тілін табатын адам.

Мұғалімдер ғасырлар бойы қалыптасып, түрлі өзгеріске ұшыраған, нәтижелі әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жасөспірімнің бойында қалыптастыруға тырысатынын нағыз маман. Сондықтан мұғалім мәртебесі қашан да биік, мәртебелі әрі құнды болып қала бермек.