Home Басты жаңалықтар РӘБИЯ СҰЛТАН БЕГІМ КЕСЕНЕСІНІҢ ЕСІГІ АЙҚАРА АШЫЛДЫ

РӘБИЯ СҰЛТАН БЕГІМ КЕСЕНЕСІНІҢ ЕСІГІ АЙҚАРА АШЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Рәбия Сұлтан Бегім кесенесін музейлендіру жұмыстары аяқталып, келушілерге есігі ашылды. Кесене ішінде арнайы орындықтар қойылып, тұлғалар жайлы мәліметтер мен төл жәдігерлері орналастырылған.

-« Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 50-60 метрдей жерде орын тепкен көк күмбезді Рәбия Сұлтан Бегім ерекше қастерленетін мұраның бірі. Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші Әмір Темірдің немересі, Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның әйелі, белгілі хандар Көкенші мен Сүйініштің анасы Рабиға Сұлтан Бегімге арнайы салдырылған. Бұл кесененің құлпытасы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесінен табылған. Құлпытаста Бегімнің Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендегі,1485 жылы қаза болғандығы жазылады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген зияратшылар мен туристер Рәбия Сұлтан Бегім кесенесіне де кіріп құран бағыштап, осы жерде жерленген тұлғалардың тарихымен таныса алады »,-деді « Әзірет Сұлтан » мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы.

Алғашында 8 бұрышты бір камералы, цилиндр тәріздес барабанға бекітілген биік күмбезі бар құрылыс ретінде салынып, кейіннен көп камералы шаршы жоспарлы құрылыстармен толықтырылған. Кесене ішінде Рәбия Сұлтан Бегім, немересі Келді Мұхаммед Сұлтан Сүйінішқожаұлы, шөберелері Мәстура ханым КелдіМұхаммедқызы, Мүбәрәк Шах Келдімұхаммедұлы, Құл Мұххамед Сұлтан КелдіМұхаммедұлы жерленген.