Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Отырар аудандық әкімдігі, Отырар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Бейнелеу өнері музейінде» Отырар ауданының суретшілері Әділхан Мәлік, Алмаз Маликов, Жаңабек Мамытов және Қайырхан Қалыбековтердің «Көне Отырар шұғыласы» атты шығармашылық көрмесі өткізілді. Сан ғасырлық тарихы бар көне Отырардың терең тарихын суретшілердің шығармашылығы арқылы көпшілікке насихаттау, суретшілердің еңбегін бағалап, Шымкент жұртшылығына суретшілердің 100 – ден аса шығармашылық туындылары қойылды.


Іс-шараға Түркістан облысы, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, зиялы қауым өкілдері, өнерге қызығушылар, БАҚ өкілдері қатысты