Home Басты жаңалықтар ЖЕТІСАЙ: ШАРУАЛАР ЕНДІ СУ ТАПШЫЛЫҒЫН КӨРМЕЙТІН БОЛДЫ

ЖЕТІСАЙ: ШАРУАЛАР ЕНДІ СУ ТАПШЫЛЫҒЫН КӨРМЕЙТІН БОЛДЫ

Жетісай ауданында машиналық әдіспен су көтеру каналының 4 су сорғыш насосы үздіксіз жұмыс істеп тұр

Соңғы бір-екі аптада Түркісан облысы Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезілген болатын. Бүгінде бұл қиындықтар артта қалды. Яғни, аудандағы машиналық әдіспен су көтеру каналының 4 насосы іске қосылып, егістік алқаптар Сырдария өзенінен алынған ағын сумен қамтамасыз етіле бастады. Қазіргі таңда 4 су сорғыш насосының әр қайсысы секундына 5 текше метрден ағын су тартуда. Ағын суға аса мұқтаж болып отырған аудан шаруалары бақша мен көкөніс алқаптарын жаппай суара бастады.
Бұдан бөлек, «Достық» каналынан секундына 19 текше метр ағын су келуде. Ауыл шаруашылығы мамандары әзірге аталған көлемнің жеткілікті екенін айтуда. Айта кетейік, машиналық әдіспен су көтеру каналының ағын су тапшылығы кезінде Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы 86,7 мың гектар егістік жерді сумен қамтамасыз етуіне толық мүмкіндігі бар.