Келес ауданында экоакция аясында «Жасыл аймақ» апталығында сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында аудан орталығының ішкі көшелеріне абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш түптері әктелді. Сондай-ақ, ауданда акция аясында ағаштарды реттеу, күл-қоқыстан тазарту жұмыстары атқарылды. Тазалық шараларына барлық мекеме қызметкерлері, жастар және жергілікті тұрғындар атсалысты.
Айта кетсек, «Жасыл аймақ» апталығы 22-27 сәуір аралығында өтеді. Сонымен қатар, алдағы апталарда 27 сәуірден 4 мамырға дейін – «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.