Home Қоғам ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ТӘЛІМГЕРЛІК БАҒДАРЛАМАДАН ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ТӘЛІМГЕРЛІК БАҒДАРЛАМАДАН ӨТТІ

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында тәлімгерлік бағдарламасынан өткен 12 кәсіпкерге сертификат табысталды. Марапаттау шарасына Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Ербол Әуелбеков пен Түркістан облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгері Салтанат Төлегенова қатысты. Бағдарлама аясында тәлімгерден сабақ алған әйелдер бизнесті жүргізудің барлық қыр-сырын меңгерді. Оқу онлайн, офлайн, семинар, тренингтер, мониторинг және сүйемелдеу форматында жүргізілген.«Үлкен жетістікке жеткен кәсіпкерді үлгі етіп, сондай жетістікке мен де жете аламын деген сөз жігерлендіреді. Жыл бойы өздеріңізбен бірге кәсіпкерлікті дамытуды жан-жақты саралап, нақты шешім қабылдаудың маңыздылығын мейлінше түсіндіруге тырыстым. Нәтиже өте жақсы, барлығыңызда ілгерілеу бар. Алдағы уақытта жеке кәсібіңізді өркендету жолында толағай табыс тілеймін»,- деді ментор Салтанат Ходжа-Мамедқызы. Айта кетсек, тәлімгерлік бағдарлама нақты міндеттерді шешуге бағытталған тәлімгер мен ментидің ұзақ мерзімді бірлескен жұмысын білдіреді. Жалпы тәлімгерлік бағдарламасы жыл бойы «Мен кәсіпкер» құралы аясында өткен.