Бүгін Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні қарсаңында Түркістан қаласында Неке қию рәсімі өтті.Түркістан қаласындағы Неке сарайында жас жұбайлар шаңырақ көтеріп, некеге тұрды. Олардың ішінде өзге ұлт өкілдері де бар.
Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі « Жастар ресурстық орталығы » КММ-ң мамандары салтанатты шараға куә болса, ал Түркістан қаласы әжелер алқасының мүшелері жас отбасыларға батасын берді. Жанұя құндылығын дәріптеуге бағытталған іс-шарада 50 және 25 жыл отасқан жұптар жастарға өз кеңестерін айтты.