Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында 14 наурыз Көрісу күні – Амал мерекесіне орай «Жаңа өмір – Жаңа күн» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған. Мерекелік шарада Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Инара Намазбаева, облыстық «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова сөз алып, жиналған көпшілікке мерекенің маңызы жайлы сөз қозғады.
Жиында кітапхана оқырмандары мен өнерпаздар өлең оқыды. Сондай-ақ, ән шырқап, би билеп мерекенің көркін қыздарды. Қонақтар наурыз көжеден дәм татты. Кейін кітапханашылар «Ұмай ана» көрінісін сахналады. Жиынға келген ардагерлер мен әжелер алқасының мүшелері ізгі тілектерін білдірді. Шара соңында өнерпаздарға кітапхана директорының атынан арнайы алғыс хат табысталды.