Home Қоғам ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

 

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Көшқалиевтың қатысуымен жыл қорытындысымен есеп беру брифингі өтті.

 Баспасөз жиыны қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою бағытындағы жұмыстарынан басталды. 

Бұл жөнінде Департаменттің Штаб басшысы Жомарт Аитов өз сөзінде «Облыс бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында 850 мыңға жуық адамды қамтыған 1817 түрлі бағытта іс – шаралар өткенін, ал Департаменттің онлайн форматта өткен « Antikor Live » жобасы аясында 375, ал « Adal Komek » жобасымен 776, ақпараттық ағартушылық штабымен  295 тікелей эфир ұйымдастырылып, жалпы 700 мыңнан аса қаралым жиналғанын атап өтті. 

Сондай-ақ, Департаменттің ұсынысымен облысқа қарасты барлық әкімдіктер « сервистік үлгіге » толықтай көшкенін және тұрғындардың игілігі үшін ашылған «Сервистік әкімдіктер» былтырғы жылы мемлекеттік қызметтің 65 686 түрін көрсетіп,  2021 жылы өңіріміздегі көлемі жағынан үлкен ауылдық округтерде халыққа қолайлы қызмет көрсету үшін «Сервистік әкімдіктердің» ашылуы жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қолжетімділігін көздейтін алаң құру мақсатында облыстық әкімдіктің басқармалар үйінен «Ашық әкімдіктің» ашылғанын және өңірде «Парасаттылық орталығының» ашылуы  – мемлекет пен азаматтардың өзара әрекеттесуінің жаңа форматын айқындайтынын, бұл өз кезегінде облыс тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалып жатқан жүйелі жұмыстар
екендігін тілге тиек етті. 

Алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг екенін назарға алған Жомарт Махамедлатипұлы өткен жылы 10 мекеменің қызметінде сыртқы талдау және 12 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілгенін атап өтіп,  мемлекеттік мекемелердің сатып алу мониторингі нәтижесінде 2 млрд. теңгеден астам қаржы үнемделгенін атап өтті.

Брифинг соңында Штаб басшысы Жомарт Аитов «Қазақстанның сыбайлас жемқорлықсыз келешегі оның әрбір азаматына байланысты. Сондықтан, баршаңызды еліміздің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақырамын» – деп баспасөз жиынын қорытындылады.