ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен « Қазақстан Инжиниринг » АҚ-ы жасап шығарған 10 өкпені жасанды желдету аппараты республикада ең алғашқы болып Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жеткізілді.
Ақмола облысы Көкшетау қаласында өндірілген отандық өнімді 2000-ға жуық шақырым жерден Мақтаарал ауданына алып келуге « Азала груп » компаниясы атсалысты. Жасанды тыныс алу аппараттары Мақтаарал аудандық « Мырзакент » ауруханасы мен « Атакент » ауруханасына табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін де « Азала груп » компаниясы медициналық бетперделер мен дезинфекциялық құралдарды тегін таратып, жергілікті халықтың алғысын алған болатын.
Медицина қызметкерлері өз тараптарынан қауіпті дертпен күні-түні аянбай күресуде. Жалпы, Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2391 жағдай тіркелген. Сауығып шыққан науқастар саны – 1674.