Home Қоғам ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ ӘДІЛ ӨТУІ ЖІТІ БАҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ ӘДІЛ ӨТУІ ЖІТІ БАҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 17-20 тамыз күндері Түркістан өңірінде Жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілер арасында кешенді тестілеу кезеңі өтті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өткен тестілеуге өтініш білдірген 709 талапкердің 421-і қатысып, 288-і әртүрлі себептермен тестілеуге келмеген.

Кешенді тестілеу барысында тәртіптік заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдырмау мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен « Түркістан – адалдық алаңы » жобалық кеңсесінің менеджерлері бақылаушы маман ретінде қатысып, тестілеудің әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етті.

Нәтижесінде, 8 талапкерден тыйым салынған құралдар, соның ішінде ұялы телефон мен көмекші жазба қағаздар анықталып, сәйкесінше акт толтырылып, тесттен шеттетілді.

Айта кетсек, бүгінде Департамент жанынан құрылған бақылаушы мамандар магистратура бойынша тестілеу кезеңдеріне мониторингтік бақылау жұмыстарын жүргізуде.