Home Қоғам ТҮРКІСТАН: АДАЛДЫҚТЫ ҚЫЛҚАЛАММЕН ӨРНЕКТЕГЕН ҮЗДІКТЕР АЙТУЛЫ МЕРЕКЕДЕ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АДАЛДЫҚТЫ ҚЫЛҚАЛАММЕН ӨРНЕКТЕГЕН ҮЗДІКТЕР АЙТУЛЫ МЕРЕКЕДЕ МАРАПАТТАЛДЫ


                 «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай өткізілген шарада адалдықты қыл қаламмен өрнектеген үздік жас суретшілер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тарапынан марапатталды. 
        Байқаудың негізгі мақсаты –  жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, сенім, парасаттылық құндылықтарын  қалыптастыру,  өскелең  жас буынның рухани болмысын бекітіу.
 
      Шара соңында  Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Дүйсешұлы үздік жас суретшілер байқауының жеңімпаздарына арнайы алғыс хаттар мен грамоталарды табыс етіп, адалдықпен өрілген өмір жолдарына сәттілік тіледі. 
 
Айта кетсек, марапаттаудың қорытындысына сәйкес, бірінші орынды Омарова Лайло иемденсе, екінші орын Аяжан Ғалымжанқызына бұйырды. Ал, үздік үштіктен Аманжол Береке көрініп, арнайы марапаттар табыс етілді. 
      Сонымен қатар, Департамент басшысы киелі өңірде жемқорлық деңгейін төмендету бағытында жас ұрпақтың әрі қарайда үлес қосатынына сенім білдірді.
 
        Жиын соңында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен түсірілген «1424» көркем фильмінің кезекті көрсетілімі жиынға қатысушылар назарына ұсынылып, өскелең ұрпақтың көңіліне терең ой салды.