«Мейірімділік - адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі». Түлкібас ауданының білім ошақтарының ішіндегі қара шаңырағы саналатын Абай мектеп лицейінің 1999 жылы мектеп бітірген түлектері 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі.
Баспаналы болған Юсупова Назира Жапарқұлқызы, көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдық түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді.
Мичурин совхозында жұмысшы болып қызмет атқарған Назира Жапарқұлқызы сол маңайдағы Таусағыз ауылында жалдамалы пәтерде тұрған. Бүгінгі таңда бала күтімімен үйде отыр.
Бұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Былтыр дәл осы Абай мектеп лицейінің 1998 жылы бітірген түлектері 7 баласы бар жалғыз басты анаға аудан орталығынан төрт бөлмелі үй сыйға тартқан болатын. Игі шара 20 жылдық түлектер арасында дәстүрге айналғандай.
Home Басты жаңалықтар ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: МЕКТЕП БІТІРГЕНДЕРІНЕ 20 ЖЫЛ ТОЛҒАН ТҮЛЕКТЕР КӨПБАЛАЛЫ МҰҚТАЖ АНАҒА...