Home Білім БІЛІМ КӨКЖИЕГІ: ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮЛЕГІ – ЕЛМЕН БІРГЕ ТІЛЕГІ

БІЛІМ КӨКЖИЕГІ: ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮЛЕГІ – ЕЛМЕН БІРГЕ ТІЛЕГІ

Мемлекет басшысы халыққа жолдаған Жолдауында елдегі білім саласына ерекше назар аударды. Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады – деген Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы олқылықтар мен атқарылар жұмыстарды жіпке тізгендей етіп айтып берген болатын.

– Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет,  – деген болатын өз Жолдауында Мемлекет басшысы.

Осыған орай өңір тұрғындарына білім саласында талмай еңбек етіп жүрген, өңірге еңбегі сіңген Серікжан Сейітжанұлы жайында аз-кем мағлұмат ұсынып отырмыз.

Серікжан Сейтжановтың жергілікті халық ірі кәсіпкер, меценат, жылағанды жебеген, құлағанды демеген қарапайым халықтың қолдаушысы ретінде жақсы біледі.

Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов 1949 жылы 2 маусымда Түркістан облысы Қызылқұм ауданының Шілік ауылында туған. Ол Шымкент қаласындағы қазақ химия-технологиялық институтын бітірген соң инженер-құрылысшы-технолог болып еңбек жолын бастады. 1988 жылы техника ғылымдарының кандидаты болса, арада он жыл өткен соң техника ғылымдарының докторы атағын қорғады. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның табиғи және техногендік шикізатының негізіндегі модификацияланған майда ұнтақталған көп құрамдағы тұтқыр заттардың технологиясы» деп аталады. Серікжан Сейітжанұлы Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі-корреспонденті, Ұлыбританиядағы Оксфорда қаласындағы СРЕ Академиялық кеңесінің және Сократ атындағы Номинациялық комитеттің мойындауы бойынша Вена қаласының Халықаралық университетінің құрметті профессоры атанды. АҚШ-тағы Калифорнияның Халықаралық ғылым, білім, өнеркәсіп және өнер академиясының белсенді мүшесі болып табылады.

1964 жылдың наурызынан – Шымкент облысы Қызылқұм ауданы «Шелек» кеңшарының тракторшысы. 1966 жылдың тамызынан – Қазақ химия-технология инсти-тутының студенті. 1971 жылдың тамызынан – ҚазКСР Ауыр құрылыс министрлігі «Шымкентөнеркәсіпқұрылыс» тресінің шебері, цех бастығы, бас инженері, құрылыс материалдары комбинатының директоры. 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Компартиясы Шымкент қалалық комитетінің хатшысы. 1991 жылдан – «Қазконтракт» АҚ вице-президенті, ҚазКСР Мемлекеттік жабдықтау Оңтүстік Қазақстан бас аумақтық басқармасының бастығы болып қызмет етті. 1999 жылдан – «Оңтүстік» ЖАҚ президенті. 2003 жылдың наурызынан бері – «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының президенті.

Ұзақ жылдарғы еңбегі еленіп «Құрмет белгісі» орденімен, «Білім беру саласының маценаты-2008», «Алтын Жүрек» алтын медальдарымен, «ҚР Жер қойнауын барлау үздігі», «ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы», «Біріккен Еуропа» беделді халықаралық марапатымен «Парыз» алтын мүсіншесімен, «Қамқорлық» мүсіншесімен марапатталған.

Себебі, құны 10 млрд. теңгеден асатын «Риксос Хадиша Түркістан» отелін белгілі кәсіпкер, меценат Серікжан Сейітжанов қаржыландырды. Оның іргетасы Түркістан қаласының туған күніне орай қаланған болатын. Бой көтерген алты қабатты қонақ үй Түркістан қаласына кіре беріс аймақта салынды. 120 орынға арналған отель болашақта көне қала — облыс орталығына келушілердің сұраныстарына сай қызмет ететініне сенімді. Әлемдік деңгейдегі қонақ үй қала үшін жүзден астам жұмыс орнын береді. Серік Сейтжановтың айтуынша, «Риксос-Хадиша-Түркістанда» үш бірдей мейрамхана, SPA салондар, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтар жоспарланған. Мұнда Түркістан қаласындағы алғашқы заманауи кинотеатр болады. Kinopark 4 Turkestan кинотеатрында кино және дыбыс саласындағы ең озық технология-лармен жабдықталған төрт жайлы зал бар.

Қазіргі таңда жұбайы Сейітжанова Қаншайым Құдайбергенқызы екеуі төрт баласын өсіріп ұлын ұяға, қызын қияға ұшырып отыр. Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырған Серік Сейтжановтың 75 жасқа толу мерейтойына орай, бұдан да биік жетістіктерге жете беріңіз деп тілейміз.

Гулзира ДЖУМАНОВА,

кітапханашы.