Home Қоғам КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР АРЫСТА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕДЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР АРЫСТА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕДЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкеге Келес ауданының шаруалары да белсенді атсалысып 7,5 тонна өнім ұсынған. Атап айтқанда тұрғындар күнделікті тұрмыста қолданатын қырыққабат, қияр, қызанақ, балғар қалампыры, жуа сынды өнімдерді арыс тұрғындары таласа алып, келестік шаруларға алғысын білдірді. Ауыл шаруашылығы өнімдері Арыс қаласының тұрғындарына базар нарқынан 30%-ға төмен бағада сатылымға түсті. Арзан бағамен сатылып жатқан өнімдер арыстықтарға елеулі көмек болып тұр.
Келестік шаруалардың сапалы өнімдеріне Арыс қаласының тұрғындарының сұранысы жоғары . Өйткені, сатып алушылардың қарасы көп болып, аз уақыт ішінде өнімдердің басым бөлігі сатылып кетеді. Бұл сауапты іске атсалысқан барлық шаруалар өздерінің титтей де болса көмек көрсете алғандарын өздеріне зор міндет етіп  артып отыр