Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев және аудандық Білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев жазғы демалысын Түлкібас ауданы, Машат шатқалы ауылында орналасқан «Орбита» демалыс лагерьінде өткізіп жатқан келестік оқушылардың жағдайымен танысып қайтты. Кездесуде оқушылар көңіл күйлері өте жақсы, өздеріне жазғы демалыстың ұнағандарын айтып, озық ойларымен бөлісті. Келес ауданы әкімдігінің Білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы негізінде « Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру » мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес аудандық білім бөліміне 714 ата-ананың өтініштері мен құжаттары қабылданған болатын. Келес ауданының оқушылары 4 лекте демалыс лагерлеріне жалпы тұл жетім, жартылай жетім, тұрмыс деңгейі төмен отбасы, көп балалы отбасы, сәтсіз отбасы және үздік оқитын 714 оқушы тегін жолдамамен қамтылып отыр. Оқушылар Түлкібас ауданы, Машат шатқалы ауылында орналасқан «Орбита» демалыс лагерьіне және Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында орналасқан «Көктөбе» демалыс лагерлеріне демалуға жіберілді.