«Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Н.Қойбағаров, Н.Клушев, Х.Аширбеков және Ф.Қалтаева « ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы аясында Киелітас ауылдық округіне қарасты Достық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Акция барысында үміткерлер тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның негізгі ережелері – еңбек ақыны көбейту, мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жалғастыратын тілге тиек етіп, Достық елді мекеніненде ауылдық клуб құрылысы жоспарланғаны мәлім болды. Бұдан бөлек билеуші партия таяудағы 5 жылда Ленгер қаласында 8 бейнебақылау камераларын (бүгінгі таңда 11 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді) орнатуға және 2021 жылы Киелітас ауылдық округі Ақайдар, 2022 жылы Алатау ауылдық округі Жаңатұрмыс, 2023 жылы Бірінші Мамыр ауылдық округі Бейнеткеш, Зағамбар, Алғабас және Тасарық ауылдық округінің Оңтүстік, Ханарық елді мекендерді жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырып, жарықтандыру жүйелерін орнатуға, «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» профилактикалық шараларды өткізуге, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар шаралар қолға алынды.
Бұл ретте жергілікті тұрғындар Төлеби ауданы – барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін аймақ екендігіне тоқталды.
Үміткерлер акция аясында жолыққан әрбір тұрғынды сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі бірінші орында. Тұрғындардың ұсыныстарын саралап, осы мәселелерді шешу жолында әрекет етуге дайын екендіктерін жеткізді. « Сіздің дауысыңыз біз үшін маңызды. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды » — деді үміткерлер.
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.