Құрметті қала тұрғындары!
⠀
Әлеуметтік желілерде азық-түлік бағалары бойынша түрлі әңгімелер тарап, нәтижесінде, бүгін « Алтын бұлақ » көтерме базарында тұрғындар тарапынан қоймалардағы азық-түліктерді жаппай сатып алу жағдайы орын алған. Бұндай іс-әрекеттер кей саудагерлердің жағдайды пайдаланып, бағаларын көтеруге себеп болып отыр.
⠀
Қала іші сатылымдағы біраз тауар көтерме базардан алынатын болғандықтан, осы сауда орындардағы баға өсімін қадағалау маңызды. Әкімдік қызметкерлері бүгін де базарға барып, халық арасында үрей тудырған, я негізсіз бағаны көтерген азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізді.
⠀
Базарда ұзын-сонар кезекке тұрған азаматтарға қазіргі таңда жағдайдың тұрақты екенін айтып, ешқандай дүрлігудің қажеті жоқ екенін жеткізді.
⠀
Айта кетейік, қала әкімдігі мен « Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы » бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жасауда. Келесі аптада қоймаларда 120 тг-ден 200 тонна картоп, 180 тг-ден 40 тонна күріш, 125 тг-ден 545 тонна ұн, сонымен қатар, пияз, сәбіз, құмшекер, сұйық май секілді әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толығады.
⠀
Жалпы, қоймалардағы азық-түлік тауарлары жеткілікті. Әлеуметтік дүкендер, сауда орталықтары азық-түліктермен қамтамасыз етілетін болады.