Home Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА ТІГІН ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ТІГІН ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы маман киімдері мен төсек орындарын тігетін « АХБК » тігін фабрикасы ашылды. Аталған өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен 1 млрд. 200 млн. теңге жұмсап іске қосып отыр. Нәтижесінде жергілікті 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика  « Қазақстан темір жолы » АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен. 

Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.