Home Білім ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

 Президентіміз Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына жолдауында білім саласын дамытуға қатысты былай деген болатын:

 «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Бүгінде IT мен биотехнология саласындағы революциялар адамзаттың өмірін өзгертуде. Сондықтан білім беру жүйесі жаңа өмірге тез бейімделуі қажет. Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативті әлеуетін дамытумен айналысады, сандық технологиялар мен нақты ғылымдарға үйретеді. Сөзімді түйіндей келе айтарым, Қазақстанның дамыған ел қатарына қосылуының кілті сапалы, қолжетімді және заманауи білімде екенін пайымдауымыз керек. Бұл үшін осы саланың дамуына жаңа, қуатты серпін беру маңызды».

Осы орайда білім ұйымдарының және сала қызметкерлерінің басты міндеті – заманауи, халықаралық талаптарға сай салынған мектептерде сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз ету. Мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші жастар десек, өскелең ұрпаққа берілген білімнің сапасы – кемел келешектің кілті. Қоғамның өркениет биігінен көріне білуі де, руханият пен мәдениеттің дамуы да, елдің әлеуметтікэкономикалық өрлеуі де азаматтардың білімінің бәсекеге қабілеттілігіне тәуелді. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім».

Осы ретте Түркістан облысында білім саласының бүгінгі жай-жапсарына тоқтала кетсек дейміз.

Түркістан облысында жалпы 1052 мектепте 518 733 оқушы білім алады. (Анықтама: 912-мемлекеттік мектепте – 482 722 оқушы,            140-жекеменшік мектепте – 36 057 оқушы). 2023-2024 оқу жылында 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді деп күтілуде. (24485 қазақ тілінде, 1815-орыс, 4008-өзбек, 293- тәжік тілінде білім алушылар), 1727- «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер, жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» –  2466 үміткерлер (1351-қазақ, 88-орыс, 154-өзбек, 1-тәжік). 9-сыныпты 45416 оқушы бітіреді деп күтілуде, оның ішінде – негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа» – 4540 үміткерлер. ҰБТ-ге 27 340 оқушы қатысады.

Өткен оқу жылының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз.

2023-2024 оқу жылында  облыс мектептеріндегі бастауыш сыныпта 200 мыңнан астам бала білім алуда. Өткен жылы  өңірде әлеуметтік осал топтағы отбасылардағы 31 577 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұған дейінгі талдау нәтижесі бойынша облыстағы 110 асханасы жоқ мектептерде қосымша бөлмелер қарастырылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалды. Сондай-ақ, 51 мектепке модульдік асхана салу қарастырылуда.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қолдауымен аталған мәселе бүгінде оң шешімін тауып отыр. Биылғы оқу жылында  облыстық бюджет есебінен 6 млрд. 287,7 млн. теңге қаржы бөлініп, өңірдегі бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды. Бұл жаңалық ата-аналарды да, балаларды да қуантты. Себебі бұған дейін тегін ыстық тамақ оқушыларға тек әлеуметтік жағдайына қарай беріліп келген болатын.

Балалардың жазғы сауықтыру лагері

          Биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагерлері (оның: 7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкерлер жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтерлар, 80 облыстық колледж студенттері практикаға тартылады. 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен өңірдегі 2 лагерде 3421 бала (Түлкібас (2000 бала), Төлеби аудандарының (1421 бала) лагерлерінде) демалады деп күтілуде, бұл 0,8% құрайды;

Сонымен бірге, мектеп жанында 5 күннен шатырлы және киіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырлады. Оған 10 000 оқушы қамтылатын болады, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Бүгінгі күні осы лагерьлердің жұмысын қызықты өткізу үшін «Үздік жаздық бағдарлама» байқауы жоспарлануда.     Таулы аймақтарда маусым айында күннің суықтығына байланысты шатырлы және этно лагерлер жұмыстары шілде айында басталып, тамыз айының 23-іне аяқталады деп жоспарланды.

Бұған қоса, 350 мектепте 1 мезгілгі тамақпен ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерлер жұмыстарын жүргізеді.Түркістан облысы бойынша 1-5 сынып оқушыларының жалпы саны 256 197. Облыс бойынша барлығы 1-10 сыныптарда 467 766 оқушы бар, оның ішінде 366 123 (78,1) оқушыны қамту жоспарлануда. Осы мақсатта барлығы 2 259 1 тенге қарастырылуда. (о.і. бюджеттен 1 826,9 млн.тенге, 12,5 млн. демеушілер тарапынан,   426,7 млн ата-аналар есебінен).

          Қала сыртындағы лагерлердегі ауысымдар 1-5 маусым аралығында басталып, 5-10 сынып оқушылары қамтылады: Онда: әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 бала бюджет есебінен; Маусымдық лагерлерде жолдама құны 59 594 мың теңгені құрайды, әр ауысымның ұзақтығы 10 күн.

 Облысымызда жазғы маусымда барлық мектептерде спорттық командалар жасақталып, спорттық ойындар мен жарыстар, спартакиадалар, үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, жасөспірімдердің Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи орындар – Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек қалалары мен қаламыздың мұражайларына бару және туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырып, оған 41 000 оқушы барады деп жоспарлануда.

Жоғарыда аталған іс-шаралар барысында мониторинг жасап, жұмыстарды бақылауға алу мақсатында барлық құқық қорғау мен құзырлы сала өкілдерінен облыста жұмыс штабы құрылды.