«Отырар» мөлтек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 5 қабатты
әрқайсысы 1, 2, 3 бөлмелі 60 пәтерден тұратын 11 тұрғын үйдің құрылысы
аяқталуға жақын. Сонымен қатар, 3 көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасы
қаланып, 6 тұрғын үйдің құрылысы жуық арада басталмақ.
Аталған тұрғын үйлердің жобалық сметалық құны 7 млрд. 440 млн теңгені
құраса, аумағы 7,4 гектар жерге орналасқан. Құрылысты 7 мердігер
мекеме жүргізуде.
Түркістан қаласы әкімдігі « Құрылыс бөлімі » ММ-нің
басшысы Тәжібай Егетаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың бірінші жарты
жылдығында 660 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй, ал, жыл соңында 540
пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл
үйлер қаламызда үй кезегінде тұрған сегіз мыңнан астам тұрғындарға өз
кезегімен берілетін болады.
Айта кетейік, жаңа мөлтек ауданда
сондай-ақ жеке инвестор есебінен көпқабатты 6 ипотекалық тұрғын үй
құрылысы жүргізілуде. Ал, бұл үйлер «7-20-25» бағдарламасы аясында
пайдалануға берілмек.