Home Басты жаңалықтар Жаңа Қазақстан-жаңа жастармен

Жаңа Қазақстан-жаңа жастармен

Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Кентау қалалық жастар ресурстық орталығы, М.Қашқари атындағы мектеп-лицейі бірлесіп ұйымдастыруымен « Жаңа Қазақстан-жаңа жастармен » атты тақырыпта мектептердің өзін-өзі басқару ұйымы президенттерінің, фракция мүшелерінің және педагог-ұйымдастырушылардың қатысуымен Тайқазан құйылған, 2000 жылдан астам тарихы бар мекен Қарнақтан бастау алған екі күндік жас көшбасшылар форумы Кенді қаланың төрінде Жастар ресурстық орталығында мәресіне жетті.

Екі күн бойы оқушылар бір-бірімен тығыз байланысты арттырып, болашаққа деген нық сенімдерін көрсетті. Түрлі тренинг, топтық жұмыс, семинар, баяндама, саяхат, концерттік бағдарлама ішінде болып, өздеріне керек мәліметті толық ала алды. Бұл форум алдағы уақытта жалғасын таба беретінін оқушылар айқындап берді. Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Күзенбаева Нұрипа, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы « Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы » әдіскері Сейтінбетов Мағжан, Кентау қалалық жастар ресурстық орталығы « Талантты жастарды қолдау » бөлімінің басшысы Бақыт Мыңбай Кентау қаласы әкінің орынбасары А.Байболованың арнайы алғыс хаттарын және Кентау Жастар ресурстық орталығының атынан сертификаттар мен сыйлықтарын табыстады.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.Жасыратыны жоқ, республикамыздың барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Жастар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің белортасынан табылып келеді. Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің интелектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда жастардың алатын рөлі ерекше, себебі алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру сол жастардың қолында,яғни жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы- оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындағын аңғартады. Статистика агенттігінің жүргізген моноторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз жалпы халықтың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн.

Жастарды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз үлгісін жаңғырта беру мақсатында жаңа ғасырғы еліміздің интелектуалдық элитасын қалыптастыруға, мемлекетіміздің басты игілігі болып саналатын этносаралық келісімді,татулық пен бірлікті қорғауға шақыруымыз керек.