Home Басты жаңалықтар Түркістандық тұрғын кондитерлік дүкен ашты

Түркістандық тұрғын кондитерлік дүкен ашты

Ордабасы ауданының тұрғыны 4 пайызбен несие алып, «Altynai» кодитерлік орталығын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Темірлан ауылының Черемушка мөлтек ауданында тәттілердің түр-түрін пісіретін кондитерлік дүкен ашылды. Ауыл тұрғыны Алтынай Құлаева биыл «Кәсіпкерлерді қолдау көрсету орталығы» арқылы көпбалалы ана ретінде жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен 3 млн 900 мың теңге қаржы алып, «Altynai» кодитерлік орталығының жұмысын бастаған. Қазіргі таңда аталған сауда орнында 4 азамат жұмыс істеуде. Айта кетерлігі, Алтынай Башарқызы алғаш кәсібін 2019 жылы « Атамекен » кәсіпкерлік палатасынан « Еңбек » бағдарламасымен « Бастау Бизнес » жобасы арқылы қайтарымсыз 200 МРП яғни 505 000 теңгелік грант алып, үй іргесінен шағын кондитерлік өнім пісіруден бастаған.