Home Басты жаңалықтар ТУРИЗМ: КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛУДЕ

ТУРИЗМ: КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛУДЕ

Түркістан облысында туризм саласы жақсы дамып келеді. Мәселен осы салада инвестиция көлемі 102 млрд. теңгені құрап, республика бойынша өңір көш басында. Бұған жаңадан бой көтерген туристік нысандардың қосқан үлесі орасан. 2021 жылы өңірде қандай туристік нысандар пайдалануға берілді тізбектей кетейік. «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешенінде демалыс орындар және Ramada by Wyndham, Emir Plaza, Rich Hotel, Grand Villa, Golden Ray Turkistan Hotel, Этно Парк Резорт туристік нысандары іске қосылды.
«2021 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласына бір күндік келушілер (визитер) саны 1 417 372 адамды құрады. Облыс бойынша орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі өткен жылдың 9 айымен 2,8 млрд. теңгені құрады, 2020 жылдың салыстырмалы кезеңімен 3,5 есе артты (819 млн.тг.). 2022 жылы ішкі туристердің санын 261 000 адамға, шетелдік туристердің санын 7 290 адамға, Түркістан қаласына бір күндік келушілер санын 1,6 млн. адамға, туризм саласы бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін 3,5 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Санақ нәтижесі бойынша қала халқы 56 356 адамға өсіп, 221 102 адамды құрады (2018 ж. 164 746 адам). 4 жылда қалаға тартылған инвестиция көлемі 8 есеге артып, жалпы 793,2 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, 50% жуығы жеке инвестициялар (389,4 млрд.теңге). Қаланың негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланып, жаңадан халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және рухани- мәдени орталықтары салынды. Ағымдағы жылы Мұз айдыны, Теннис орталығы, Ескек есу каналы, Б.Саттарханов атындағы спорт кешені,Туристерге арналған жасанды көл демалыс орталығы салынып, пайдалануға беру күтілуде», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласы тұрғындарымен кездесуінде.