Бүгін Түркістан қаласындағы ақпараттық-коммуникациялық орталықта Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу төңірегінде БАҚ өкілдерімен арнайы брифинг берілді. «Ел Үміті» бастамасы аясында Елбасы Академиясы ҚР БҒМ бірлесіп үшінші жыл қатарынан 5-6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасын өткізіп келеді. «Мың бала» олимпиадасы – ауылдық жерлердегі дарынды балаларды іріктеу және қолдау бағытындағы ең маңызды жобалардың бірі. Екі жыл ішінде Олимпиадаға ауыл мектептерінде оқитын 5-6 сыныптың 445 мыңнан астам оқушысы қатысты. 2021 жылы еліміз бойынша 150 мыңға жуық оқушы тіркелді, 4320 ауыл мектебінен 100 мыңға жуық оқушы тестілеуден өтті.4) Елбасы Академиясының «Бірге оқу» онлайн мектебінде «Мың бала» жобасының 6 мыңнан астам финалисті білім алды.«Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» директоры Асқарова Эльмира Дуланқызы: ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел Үміті» бастамасы шеңберінде іске асырылып келе жатқанын айтты.«Мың бала» олимпиадасының мақсаты – ауылдық жердегі оқушылардың қабілетін дамыту үшін бірдей деңгейде жағдай жасау. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балалар жылы деп жариялаған 2022 жыл аясында шалғай өңірлерден келген оқушылардың әлеуетін қолдау өзекті бола түсуде деп атап көрсетті.Өткен 2021 жылы, Түркістан облысы бойынша олимпиадаға облысымыздың барлық аудандарынан «Мың бала» сайтына 21509 бала тіркелді. Соның ішінде 3064 бала облыстық кезеңге өтті. Республикалық кезеңге 712 бала қатысып, 184 оқушы жеңімпаз болды. Осы оқушылардың ішіндегі 6-сыныптан жеңімпаз болған 81оқушының 52-і мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданды.Қазіргі таңда, 2022 жылы 10-наурызға дейін 13 823 оқушы тіркелген, 28 563 оқушы тіркелмеген. Түркістан облысы бойынша 42 386 оқушы тіркелу керек екенін атап көрсетті.Бүгінгі баспасөз мәслихатына «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» директоры Асқарова Эльмира Дуланқызы, «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.Брифинг барысында облыстық дарын орталығының басшысы Эльмира Дуланқызы жоба турады нақты ақпарат беріп өтті. Тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға ілкімді жауаптар берілді.
Home Басты жаңалықтар « Мың бала » Ұлттық олимпиадасын өткізу төңірегінде БАҚ өкілдерімен арнайы брифинг өтті