Кентау қаласында А.С.Пушкин атындағы 6 ЖО мектептің базасында 22.02.2022 жылы Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес « Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог,қоғам қайраткері, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ұлттық жазудың реформаторы, Алашорда өкіметінің мүшесі,өз халқын сүйген патриот А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған « Ұлттың ұлы ұстазы » атты библикофе өтті.Шара барысында тарих, қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.
Ісшара барысында « Әліппе » оқулығын жазған, қазақ балаларының сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы, еңбектері туралы ой толғады.Еңбектерінің бірі « Қырық мысал » талқыланды.