Home Басты жаңалықтар Кентау көпсалалы колледжінде пікірталас өтті

Кентау көпсалалы колледжінде пікірталас өтті

Кентау көпсалалы колледжі « Ұшқыр ой » дебат клубының және « Саналы ұрпақ » жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен І, ІІ курс топтары арасында « Ғарыштық ұшуларды шектеу керек пе? » атты тақырыпта дебат ойыны өтті. Аталған Дебатқа ЭС-20-1, ГС-20-1, СЭЗиС-21-1, АТ-21-1, ВТиС-21-1, ББМ-21у-1 оқу топтарының ойыншылары қатысты. Жалпы жартылай финалға ББМ-21у-1, ВТиП-21-1, ГС-20-1, СЭЗиС-21-1 оқу топтарының ойыншылары үздік танылып, жолдамаға ие болды.

Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарыш­сыз елестете алмайды. 1961 жыл­дың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жете­тiнiн ойламаған болар.  Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құ­былысы, мал жайылымы, ауыз су­дың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан же­рiн көрiп, неге игермейтiнiн сұра­дым. Сонда олар: «Бiздер, Еу­ропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түр­лерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiл­меуге тиiс жер,  сол үшiн де ақы тө­лейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiз­дердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пай­да таппас­қа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Де­мек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қал­са, ысырап болады. Мiне, ғарыш­тың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.