Home Басты жаңалықтар КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Кентау қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды. Облыс әкімі жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды басты назарға алуды міндеттеді. 100 мыңнан астам тұрғыны бар Кентау қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді. Өз кезегінде Рашид Аюпов аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізіп, алдағы уақытта Кентау қаласының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынына уәде берді.Айта кетейік, Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында туған. 2019 жылдың шілде айынан 2021 жылға дейін Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарды. Өткен жылдан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.Облыс әкімінің өкімімен Кентау қаласының бұрынғы әкімі қызметінен босатылды.

Распоряжением акима Туркестанской области Умирзака Шукеева, по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан и депутатами маслихата города Кентау на должность акима города Кентау назначен Рашид Аюпов.Глава региона пожелал успехов новому акиму и поручил активизировать работу в социально-экономической сфере для повышения благосостояния населения.Также Умирзак Шукеев обязал нового градоначальника уделять особое внимание своевременному и эффективному выполнению поставленных задач Главы государства. Аким области особенно подчеркнул, что население Кентау составляет более 100 тыс человек, именно поэтому на акима города возложена большая ответственность. Рашид Аюпов родился в 1981 году в Кентау. С июля 2019 года по 2021 год занимал должность акима Туркестана. До назначения акимом Кентау занимал должность заместителем акима Туркестанской области.Распоряжением акима области бывший аким Кентау освобожден от занимаемой должности.