Home Спорт ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ФУТБОЛ МЕН ЖҮЗУДЕН АЛДЫНА ЖАН САЛМАЙТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ФУТБОЛ МЕН ЖҮЗУДЕН АЛДЫНА ЖАН САЛМАЙТЫН БОЛАДЫ

Ол үшін жергілікті билік тарапынан спорттың осы түрлеріне барлық талаптар ескеріліп, лайықты жағдай жасалып жатыр. Тарқатсақ, бүгінде Түркістанда УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай орталық стадионның құрылысы қызу жүргізілуде. Облыста мәдени-спорттық іс-шаралар өтетін спорт нысанын «Самрұқ Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры салып, биыл мамыр айында аяқтауды жоспарлап отыр.
7000 көрерменге лайықталған алып стадионда 2 спорт залы, әлемдік талаптарға жауап беретін табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелері бар. Спорт кешені пайдалануға берілген соң, футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының Прьемер-Лига, Бірінші және Екінші Лига командаларының ойындары өтеді. Бұдан басқа мәдени-спорттық іс-шаралар футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтеді.


Сонымен қатар, Түркістан облысының спортының дамуына үлесін қосатын жабық бассейні бар спорт сарайының» құрылыс жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілуде. Аталған нысанды «Рetroleum Operafinq» компаниясы салып, ел игілігіне тапсырмақ. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев салынып жатқан әлемдік дәрежедегі орталық стадион мен жабық бассейннің құрылыс жұмыстарымен танысқанын айта кеткен жө. Заман талабына сай бой түзейтін жабық бассейнде ұлттық құрама мүшелері мен облыстың спортшылары жаттығатын болады.