Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесінің қарсаңында аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болып өтті. Аудан әкімі, « Nur Otan » партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы Салыхан Сабырұлы Полатов құттықтау сөзімен ашылған салтанатты жиында сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Аманбекұлы Еспенбетов, ардагер ұстаз Балтай Маханетова ізгі лебіздерін жеткізсе, мектептің 8 сынып оқушысы, оқу озаты Жолтай Ақерке осындай мүмкіндік жасап отырған облыс, аудан басшыларына, ел ағаларына алғысын білдірді, тәуелсіз елдіміздің білімді де білікті ұландарының қатарынан болатынына сенім білдірді.
Қазіргі заманғы талаптарға толық жауап беретін ғимараты материалдық-техникалық жабдықтармен, қажетті оқу құралдарымен жарақтандырылған.