Киелі шаһарымыздың
көркейіп, сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне өзге облыстар мен қалалар және
еліміздің алпауыт компаниялары атсалысуда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы – «Астана» алаңын, Алматы қаласы – Медиа орталық,
Шымкент қаласы – облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын бастады.
Алматы облысы – «Жастар сарайы» ғимаратын, «ҰӘҚ Самұрық-Қазына» АҚ – «Қожа
Ахмет Ясауи» мұражайын, Ақтөбе облысы – «Әзірет Сұлтан» қорығында мәдени-демалыс
нысандарын салмақ. Ал, Атырау облысы – ашық аспан астындағы мәдени-тарихи
музей, Шығыс Қазақстан облысы – әуенді субұрқақ, Солтүстік Қазақстан облысы –
облыстық спорт мектебін, Павлодар облысы – халыққа қызмет көрсету орталығын
сыйға тартуды жоспарлаған. Сондай-ақ, Жамбыл облысы – мәдени-тарихи Визит
орталығын, Батыс Қазақстан облысы – тарихи-киелі орындар орталығын, Қостанай
облысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын, Қызылорда облысы – Шығыс
моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатрды салатын болады. Бұдан басқа,
әуежайдың, әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда.