Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мәслихат депутаты, Түркістан Ахмет Ясауи » кәсіби колледжінің директоры Кенжалиев Алтынбек Турлыбиұлы « Серпін » бағдарламасы бойынша нақтырақ түсіндіру бағытында колледж студенттерімен онлайн-байланыс жасады.

Депутат сабақтардың қашықтықтан өтуіне қарамастан, студенттерге оқуға көп көңіл бөлу керектігін айтты.
Студенттер онлайн кездесуде « Серпін » бағдарламасы бойынша сұрақтарына жауап ала алды. Сонымен қатар, бағдарламаның шарттары, стипендия, гранд мәселелері бойынша түсіндірілме жұмыстары жүргізілді.

«Серпін» − үлкен ауқымды әлеуметтік жоба. Бұл жобаның басталғанына үш жылдың көлемі болды. Тиімділігін айта кетсек, грант бөлінеді, жатақанамен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жастарға барлық жеңілдіктер көрсетіледі.