« Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, театр шығармашылығын қолдау және дамыту, әлемді бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру мақсатында Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептер арасында « Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай « Театр ғажайып әлемі »байқауының аудандық кезеңі өткізілді.Байқауға 6 мектеп және 1 қосымша білім беру мекемесі қатысты. Мұнда « Драмалық спектакль », « Әдеби музыкалық композиция » және « Қуыршақ театры » номинациясы бойынша өткізілді.Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың қойылымды сахналау шеберлігі, таңдап алынған шығарманың тәрбиелік мазмұны, мағынасы, сахнада өзін өзі ұстауын, киім үлгісін бағалап, төрелік етті. Әртістік шеберліктерімен таң қалдырған Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары М.Шахановтың « Отырардың күйреуі »поэмасынан үзінді қойылымын қойып 1-ші орынды иеленді, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің оқушылары « Абайдың балалық шағы » сахналық қойылымын қойып 2-ші орынды, 3-ші орынды « Үйшік » ертегісінен қойылымды қойған аудандық оқушылар үйінің оқушылары ие болды.