Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Тұраркент-су» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметі бойынша 2023 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.
Талдау барысында сарқынды суларды бұру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.
Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.
Нәтижесінде, «Тұраркент-су» МКК-ның тұтынушыларына тарифті 44,98-ден 37,55-ке дейін, яғни 7,43 теңгеге немесе 16,52% ға уақытша төмендету арқылы 1 434 801 теңге көлемінде соммада негізсіз кіріс қайтарылады.
Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СНИЖЕН ТАРИФ ДЛЯ
ГКП «ТҰРАРКЕНТ-СУ»
Департаментом Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Туркестанской области проведен анализ отчета об исполнении тарифной сметы ГКП «Тұраркент-су» за 2023 год по услуге отвод сточных вод.
В ходе анализа установлено, что субъектом не в полной мере исполнены статьи затрат, предусмотренные в тарифной смете на услугу отвод сточных вод, что привело к получению необоснованного дохода.
В связи с чем, Департамент, в целях восстановления прав потребителей, принял меры в соответствии с законодательством о естественных монополиях путем введения временного компенсирующего тарифа.
В результате, потребителям ГКП «Тұраркент-су» будет возвращена сумма необоснованного дохода в размере 1 434 801 тенге путем временного снижения тарифа с 44,98 до 37,55 то есть на 7,43 тенге или на 16,52%.
Приказ вводится в действие с 1 января 2025 года.