Home Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Амангелді Бурханов мәлімдеді.Спикердің айтуынша, өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 531 дерек анықталған. Оның ішінде 282-і —қылмыс болса, 249-ы —теріс қылықтар. Сонымен қатар, заңсыз айналымнан 1 тонна 322 келі есірткі заттары тәркіленген.«Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қарсы қылмыстарды анықтау мен нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде 10 тұлға құрықталып, 4 қылмыстық іс және 6 теріс қылықтар тіркелді. Бүгінде «Трамадол» дәрілік-препараты «психотроптық заттардың» қатарына енгізілгеннен бастап полиция қызметкерлерімен 34 қылмыс тіркелді. Жалпы 1 149 пластина, 1 368 таблетка мен 20 капсула айғақты зат ретінде алынды. Осы ретте Түркістан облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдар мен шараларды жүйелі түрде жүргізіп, есірткіге тосқауыл болу мақсатында өз жұмысын жалғастырып жатыр»,- деді Амангелді Сәпиұлы.Сонымен қатар, есірткіге қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ғаламтор кеңістігінде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, хабарлама жіберу арқылы психобелсенді заттардың жарнамасын тарату фактілерін анықтау жұмыстары да қолға алынған. Нәтижесінде синтетикалық есірткі таратқан 70 ақпараттық сайт бұғатталған. Бұдан бөлек, профилактикалық іс-шаралар барысында есірткіге тәуелді тұлғалардың саны 321-ден 301-ге төмендеген.