Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН OPEN SPACE ҮЛГІСІНДЕ 3 КЕҢСЕ, 2...

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН OPEN SPACE ҮЛГІСІНДЕ 3 КЕҢСЕ, 2 ФРОНТ ОФИС АШЫЛДЫ

Бүгінгі күні ашықтықты қамтамасыз етіп, ел азаматтарына қолайлы қызмет көрсету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып отыр.

Осыған орай, Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандарының әкімшілік ғимараттары ашық форматта жұмыс істеуге көшіп, бүгінгі күні өңір жұртшылығына қолжетімді қызмет көрсетуде көш бастап келеді.

Бүгінде облысқа қарасты Қазығұрт, Созақ, Бәйдібек аудандарында орналасқан аудандық әкімдік бөлімдері «Open Space» үлгісіне көшсе, Сайрам мен Арыс қалаларындағы полиция бөлімшелері фронт офис үлгісінде өз жұмысын бастап кетті.

Бұл жаңа ашық кеңістік үлгісіндегі қабылдау бөлмелерінің бірінші қабатта орналасқандығы жергілікті тұрғындардың әкімдер мен және жауапты қызметкерлермен ашық түрде еркін байланыс орнатуына және алаңдатқан түйткілді мәселелерінің жедел шешілуіне тың мүмкіндік беріп отыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 134 мекеме жұмысы ашықтық пен жариялылыққа бағытталған үлгіде жұмыс жасауда.