Бүгін Түркістан облысының дәрілік қоймасы « Шеврон Мунайгаз Инк » компаниясынан келген гуманитарлық көмекпен толықты.
Атап айтсақ, киелі өңірге « Шеврон Мунайгаз Инк » компаниясынан 2100 дана « Парацетамол » мен 2100 дана « »Ибупрофен » дәрілік препараттары жеткізіліп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті қызметкерлері мен « Түркістан – адалдық алаңы » жобалық кеңсе менеджерлерінің зерделеуімен қабылдап алынды.
Алдағы уақытта бүгін жеткізілген гуманитарлық көмектің мемлекеттік емдеу мекемелеріне толыққанды жеткізілу және тасымалдану барысына жергілікті « Адалдық алаңы » жобалық кеңсесінің менеджерлері бақылау жұмыстарын жүргізетін болады.