Ағымдағы жылдың 11-наурызы күні Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлерінің қатысуымен «Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы» пилоттық жобасы шеңберінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру туралы семинар өтті.
Семинарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық 1 бөлімінің HR-менеджерлері Ә.Жұмаш пен Ж.Булекеев өткізіп, жаңа ақпараттық жүйе туралы қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді.
2021 жылдың шілде айынан бастап, барлық мемлекеттік органдардың жұмысына «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл жаңа жүйе азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдірету үшін қолға алынуда.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды құрал ретінде айқындалған жобаны Бас прокуратура Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлімімен бірге әзірлеген.
Өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе:
– мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;
– мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;
– өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;
– мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.
М.Байғұт
Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы-қала әкімінің кеңесшісі