Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ АДАЛДЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ АДАЛДЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

Департамент жанынан құрылған облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі арнайымониторингтік топмүшелерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, азаматтық бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізу.

Кездесу барысында Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев

бұқаралық ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік желілерде тұрғындардың тарапынан көтерілген мәселелерге жедел түрде әрекет етіп, тиісті мемлекеттік органдарға хабарлап отыруды ұсынды.

Сондай-ақ, арнайымониторингтік топмүшелеріне өз қызметінде қоғамдық бастамалық қызметтерді, жариялық және ашықтықтықты қамтамасыз етуге де көңіл бөлу керектігін айтты.

Өз кезегінде Ғалым Сұлтанұлы басқа облыстарда жасақталған топмүшелерімен жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

Қоғамдық бақылау картасына келіп түскен арыз-шағымдардың бірқатарын атап өтіп, әсіресе жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын алу тәртібін бақылау және мектептерде заңсыз ақшалардың жиналуына тосқауыл қоюда белсенділік танытуға шақырды.

Жиын соңында топмүшелері өзара пікір алмасып, тәжірибе енгізу үшін бірқатар ұсыныстар енгізді.