« Бірнеше күн бұрын Washington Post коронавирус және карантиннің маңызы жайлы мақаласымен бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды.
Жақынымыз жайлы әңгіме реті келсе, сол адам үшін бәріне даяр екенімізді айтамыз. Дәл қазір, сол ең жақын адамымыздың болашағы мен денсаулығы үшін уақытша шектеулерге бойсұнып, өзімізді оқшауландыра алар алмасымызды тексеретін сәт келді.
Достар, бұл шектеудің бәрі уақытша, бәрі өзіміз және жақындарымыз үшін, әр бірі маңызды екенін ұмытпайық.
Еліміздің болашағы – сіздің қолыңызда! » – деп жазған Рашид Абатұлы карантин маңызын көрсететін бейнероликпен бөліскен.