Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚАЙЫРЫЛЫМДЫҚ АКЦИЯСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КЕЛІП ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЙЫРЫЛЫМДЫҚ АКЦИЯСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КЕЛІП ЖЕТТІ

«Халық» қоры «Ел тірегі-Елбасы» атты акцияны бастады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тұспа тұс келген қайырымдылық акциясы еліміздің барлық өңіріне жеткізілді. Сол орайда Түркістан облысының Келес ауданындағы ауыл және ауылдық округтерінен мұқтаж мүмкіндігі шектеулі азаматтары бар 81 отбасына азық-түлік себеті табысталды. Жалпы“Халық” қайырымдылық қоры 15 000-нан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Әр себетте салмағы 50 келіден асатын азық-түлік бар. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылып жатыр.Пандемияның алғашқы күнінен бастап, бұл ел басына түкен сынақ екені белгілі. Осындай қиын-қыстау шақта ынтымақ пен бірліктің озық үлгісін көрсетіп, бір-бірімізге жанашыр болуымыз керек.“Халық” қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігіп, “Ел тірегі – Елбасы” акциясын қолдауға шақырады. Мұндай акция 2021 жылда бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарланып отыр.