Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласы абаттандырылды. Жаңаша кейіпке енген орталық алаңда су бұрқағы, шағын демалыс орындықтары және түнгі жарық шамдар қойылған. Ұялы телефондарды қуаттауға да мүмкіндіктер жасалған.
Сондай-ақ, қалада орын алып жатқан жаңалықтарды көрсету үшін Ленгір қаласы әкімі аппараты ғимаратының маңында арка мен «LED» экран іске қосылды.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту жұмыстары жалғасын табуда. Ағымдағы жылы Ленгір қаласының Төлеби және Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы 12,7 гектар шатқалды аббаттандыру жоспарланып отыр. Мұнда 1200 ағаш отырғызылып, 3 су бұрқағы, орындықтар, жол аяқтар, шамдар орнатылатын болады.
Сонымен қатар, 6,0 шақырым Төлеби көшесіне, 3,3 шақырым Ә.Бектаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары және Ленгір қаласындағы жалпы 13,7 шақырымды құрайтын 12 көшенің жолына жөндеу жұмыстары жүргізілмек.