Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУДА

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУДА

Бүгінгі таңда еліміздің бірнеше өңірінде, оның ішінде Түркістан өңірінде қарқынды түрде іске асырылып жатқан ауқымды бағдарлама – «Ауыл аманаты» жобасы. Бұл жобаны Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді деп іске қосқан болатын. Сондықтан оны Түркістан өңірінің тұрғындары да білгені абзал. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2022 жылмен салыстырғанда 1 945 гектарға артқан. Бұдан бөлек, 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндіріліп, жалпы өнім көлемі – 30,5 млрд. теңгеге жеткен.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы аясында өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралардың қажеттілігі бірнеше факторлармен айқындалды. Түркістан облысының экономикасының маңызды салаларының бірі ауыл шаруашылығы. Осы мақсатта өткен жылдың басынан бері салаға 88,5 миллиард теңге инвестициялар тартылды. Былтыр Түркістан облысында республикалық рекордтық көрсеткішпен 3,3 миллион тонна көкөніс жиналды. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1 триллион теңгеден асты, бұл өңірдің осы көрсеткіш бойынша республикада көш бастауына мүмкіндік береді. Облыс басқа салаларында да жақсы өсу динамикасы байқалады. Өңірдегі АӨК дамытудың маңызды бағыттарының бірі жаңа технологияларды пайдалану болып отыр. 31 788 га жерде су үнемдеу технологиясы енгізілді. Ал «бір ауданнан жылына 2-3 өнім алу» жобасы суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді. Қарқынды бау-бақша көлемі 5405 га-ға дейін жеткізілді. Нәтижесінде өнім 5 есеге артып отыр, шаруалар 300-350 центнерге дейін өнім жинайды. Бұрын бұл көрсеткіш 60-70 центнер деңгейінде болатын.

Сонымен қатар, өңірде жылыжайдың жалпы көлемі 1640 га жеткен. Сонымен қатар, 500 га жерге жаңа жылыжай салу жоспарда бар. Ал Сауран өңірінде көкөніс сақтайтын қойманың құрылысы басталды. Облыс халқының 80%-ы ауылдарда тұрады. Облыста алты бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындары үшін игілікті көмекке айналды. Қазірдің өзінде 17,3 миллиард теңге сомасына 2877 жоба қаржыландырылды. Бағдарламаның арқасында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азайып, өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі артып, жаңадан ашылған жеке кәсіпкерлерден түсетін қосымша салық түсімдері артты. Өткен жылы іске қосылған жобалардың қатарында мал бордақылау алаңы, сыйымдылығы 3 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы, жылына 50 тонна балық өндіретін балық зауыты, жаңбырлатып суару технологияларын енгізу, «Cotton -2» мақта өңдеу зауытын, сондай-ақ құс етін өндіретін құс фабрикасын, 50 гектарға қарқынды алма бағын кеңейту бар.

Ауыл шаруашылығы министрінің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар жүйелі және жедел шара қабылдайтын болады. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі кешенді түрде шешілетін болады. Осы жылдың соңына дейін 536 млрд теңге сомасына агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша 291 инвестициялық жоба іске асырылады. Жалпы 2023-2026 жылдары 2,6 трлн теңге сомаға 700 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

«Өз кезегінде агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін кредиттер негізгі борыш пен сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңмен жылдық 2,5 пайызбен 10 жылға дейін берілетін болады. Биыл осы мақсаттарға 100 млрд теңге бөлінді, соның есебінен шамамен 65 тауарлық сүт фермаларының құрылысы қаржыландырылатын болады, бұл сүт өндіру көлемін кемінде 373 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді», — деді министр.

Оның айтуынша, бұл бір жағынан ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан импортқа тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді. Сақтау инфрақұрылымын құру және көкөніс сақтау орындарының тапшылығын азайту мақсатында Көкөніс сақтау орындарын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жалғасып келеді. 2025 жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 135 мың тонна көкөніс сақтау орны, оның ішінде 2023 жылы 105 мың тоннаға 26 көкөніс сақтау орны қосымша іске қосылады. Бұл республиканың көкөніс сақтау орындарына деген қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Министрдің мәліметінше, осы жылдың басынан бастап Тұрақтандыру қорларының жұмысы қайта форматталды, осылайша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тежеудің үш кезеңдік жүйесі енгізілді. Тұрақтандыру қорлары бойынша жаңа тәсілдер фермерлерге күзгі және ерте пісетін көкөністерді белгіленген бағамен жеткізуге алдын ала аванс беруге және маусымаралық кезеңде көкөністер бағасының өсуіне реттеуші ретінде әсер етуге мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, арзандатылған астықты сату бойынша мемлекеттік қолдау тетігі жеке пысықталды, бұл тек ұн өнімдері бойынша ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларына астық пен жем-шөп беру арқылы мал шаруашылығы өнімдері бағасының өсуін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде жаңа тәсілдерді қаржыландыру үшін облыстардың жергілікті бюджеттерінде шамамен 125 млрд теңге, оның ішінде жеңілдікпен несие беруге 99 млрд теңге және тауар өндірушілерден тікелей сатып алуды жүзеге асыруға 26 млрд теңге көзделген. Агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында «Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту және халықтың шамадан тыс несие алуын азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредит беруді ұлғайту, агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жобаларды «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының ұйымдары тарапынан қоса қаржыландыру тетіктерін кеңейту жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Бұдан басқа осы Жарлыққа сәйкес осы жылдың соңына дейін астық қолхаттарын несие беру мақсаттары үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері кепілдік берген тұрақты кепілдер санатына енгізу жоспарланып отыр. Ол үшін Ауыл шаруашлығы министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Ұлттық банкпен бірлесіп, астық қолхаттарын кепіл ретінде енгізу үшін өлшемшарттар мәселесін пысықтауда. Саланы жеңілдікпен қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттары бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 40 млрд теңге көлемінде «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының бюджеттік инвестицияларын тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

«Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде азық дайындайтын техниканы және суарудың мобильді жүйелерін сатып алуды қаржыландыру үшін кейіннен лизингке бере отырып, биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлінетін болады. Жалпы үш жыл ішінде осы мақсаттарға 79,4 млрд теңге бюджеттік инвестицияны бағыттау жоспарлануда», — деді.

Осы шаралардың барлығы агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің қаржыландыру жағдайларын жақсартуға және қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрінің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру басталды, оның шеңберінде сенім білдірілген өкіл арқылы 5 жылға дейінгі, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 2,5%-бен микронесиелер берілетін болады. Микронесиенің ең жоғары сомасы 8,6 млн теңгені құрайды, бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – 27,6 млн теңге.

Жобаны іске асыруға биыл 17 мың микронесие беру жоспарымен 100 млрд теңге көзделген, бұл 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Отбасылық шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету мақсатында өз мүшелеріне өзіндік құны бойынша қызмет көрсететін және оларға азықты нарықтық бағадан төмен бағамен сататын сервистік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарлануда. Жалпы 7 жыл ішінде жобаға 1 трлн теңгеге дейін бөлу жоспарлануда, ол 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамып, 350 мыңға жуық жұмыс орнын құрады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Биыл қосымша 5 млн га ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр. Бұл ретте аталған жерлер бірінші кезекте ауыл халқының мал жаю мұқтаждығын қанағаттандыруға бөлінбек», —деді.