Түркістан
облысы Кентау қаласының әкімі Даурен
Махажанов қаладағы жазғы жүзу бассейіні мен футбол ойынына арналған Динамо
алаңында болды. Кентау қалалық « Ойын
және су спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі » жаз айы
басталғалы жұмыс жасап келеді. Нысанда құрғақ жүзу спорт залы «Ангар» 100%
жұмыс атқаруда, спорттың көптеген түрлерінен үйірмелер жұмыс жасайды. Нысан
бойынша барлық құрылғыларды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілген, сонымен
қатар құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен
аяқталып, нәтижесінде бассейн стандартқа сәйкес қатқыл тазарту сүзгісі,
жарықтандыратын сүзгі,сорғы агрегат, ілмекті- реттеуші арматура, құбыр желісі,
суды реттеуші қызметіне ие, сапалы Astrlpool Испания Vesubio сүзгілері
орнатылған. Нысанның әкімшілік ғимаратында 44 дана душ бөлмелері жұмыс жасауда
және жаз мезгілінде душтағы суды жылыту үшін афтономды қазанды іске қосылған,
Сонымен қатар нысанда матчталы прожекторлар және бейне-бақылау камераларымен
жабдықталған. Жоба бойынша нысанның электр желісінде қиындықтар туындамасы үшін
бөлек трансформатор іске қосылған және нысан айналдыра темірден дәнекерленген
дуалмен қоршалған.
Ал, Домино стадионына біршама құрылыс жұмыстары
қажет екенін анықтап, ол бойынша жоспар жасалынатынын айтты. Кезінде бұл алаңда
көптеген чемпионаттар ойнап, түрлі жарыстар өткізілген. Қаламен бірге жасасып
келе жатқан футбол алаңының тарихи зор екенін атап өткен қала әкімі Даурен
Сәбитұлы қалалдағы бірқатар спорт нысандарына жөндеу жұмыстары бойынша жоспарға
енгізетінін атап өтті.