Home Басты жаңалықтар ПАРАСАТТЫ АДАМ – ПАРАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

ПАРАСАТТЫ АДАМ – ПАРАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Қаржы министрлігіне қарасты облыстық Қазынашылық, Ішкі аудит Департаменттерінің және Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» қызметкерлерімен кездесу өткізді.


Кездесумдің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу.
Түсіндіру шаралары барысында Гүлмира Төлегенқызы Мемлекет басшысының қуатты мемлекет құруға бағытталған Жолдауын жан-жақты түсіндіріп, бүгінгі күні мемлекет тарапынан қоғам дертінің алдын алуға айрықша басымдық беріліп отырғандығын жеткізді.
Сондай-ақ, Агенттіктің сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиясын талқылап, бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін түсіндірді.


Жиында пара алумен қатар, пара ұсыну да қылмыс екендігі ескертіліп, жеке тұлғалардың заңсыз пара беруі – Қылмыстық кодекс бойынша 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға алып келетіндігі атап көрсетілді.
Өз кезегінде Г.Төлегенқызы жиынға қатысушыларды адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарына жақын болуға дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамды қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Сонымен қатар, қандай да бір пара алу немесе пара беру көріністеріне ұшырасқан жағдайда, тәулік бойы тегін ақпараттық-консультациялық қызмет көрсететін Агенттіктің 1424 Call-орталығына қоңырау шалу қажеттігін атап өтті.
Шара соңында жиынға қатысушылардың назарына сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауап берілді.